Алматы тауларында қытайлық турист құтқарылды

/
Алматы тауларында қытайлық турист құтқарылды
Фото: ТЖМ

Алматыдағы "Үш ағайынды" шыңында жарақат алған Қытай азаматына құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турист жарақат алып, өз бетімен төмен түсе алмаған. "БАУ" іздеу-құтқару бекетінің бес құтқарушысы мен бір техникасы оқиға орнына жөнелтілді.

Құтқарушыларға тауға көтерілу екі сағаттай уақыт қажет болды. Сағат 20:42-де зардап шеккен адам табылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Одан кейін құтқарушылар оны төменге түсіре бастады.

"109" қызметінің нақты геолокациясы мен жедел әрекеті арқасында турист тауда жалғыз қалып қоймай, дер кезінде көмек алды, – деп мәлімдеді құтқару қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары