Павлодардан Семейге бара жатқан жігіттің денесі өзеннен табылды

/
Павлодардан Семейге бара жатқан  жігіттің денесі өзеннен табылды
Видеодан скриншот

Семейге бағыт алған 22 жастағы Денис Рудько Павлодар қаласында жоғалып кеткен. Оны іздеуге полицейлер мен «Vita» еріктілер тобы жұмылдырылған болатын. Өкінішке қарай, жас жігіттің денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды turkystan.kz. 

«Vita» еріктілерінің мәліметінше, Денис Рудько Құлындыдан Павлодарға жалғыз келмеген. 14 маусым күні таңғы 9-да олар Қайырбаев көшесіндегі асханада таңғы ас ішкен. Осыдан кейін Денис түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен.

«Жігіттің жанында тек паспорты болған, ал телефоны мен сөмкесі көлікте қалып қойған. Волонтерлер Химқалашық пен Усолка аумағын тексеріп, дүкендерге кіріп, хабарландырулар қалдырды. Туыстарының айтуынша, соңғы кездері жігіттің психологиялық жағдайы нашар болған, дезориентацияда болуы мүмкін», – деп жазды еріктілер Instagram парақшасында.

Жігіттің денесін Усолка өзенінен тапты

Іздеу басталғаннан бір тәуліктен кейін, Денис Рудьконың денесі Усолка өзенінен табылды. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД хабарлады.

«Құтқарушылар патрульдеу барысында автомобиль көпірі маңындағы акваториядан 2002 жылы туған жігіттің денесін тапты. Ол із-түзсіз жоғалған ретінде іздеуде болған. Мәйіт полицияға тапсырылды», – делінген ТЖД хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары