Белгілі продюсер Баян Алагөзова тұрмыс құрған кезінде жұбайы Тұрсын Алагөзовтен мәһірге не алғанын ашып айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Баян Мақсатқызының айтуынша, көп қыздар секілді күйеуінен сақина немесе әшекей сұрамаған. Оның орнына ол кеңсе сұрауды жөн көрген.
«Тұрсын мырза маған мәһір ретінде кеңсе тарту етті. Қыздардың көбі сақина сұраса, мен кеңсе сұрадым. Оның үстіне үлкен, кең кеңсе», – деді продюсер тележүргізуші Аман Тасығанға берген сұхбатында.
Еске салайық, бұған дейін Тұрсын Алагөзовтың тағы бір адамға қымбат сыйлық жасағаны туралы жазған едік.