«Иығын емдеп жүр»: Лондоннан оралған Елдос Сметовтің татамиге қашан шығатыны белгілі болды

/
«Иығын емдеп жүр»: Лондоннан оралған Елдос Сметовтің татамиге қашан шығатыны белгілі болды
Ашық дереккөзден

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің татамиге қайта оралатын уақыты анықталды, деп хабарлады turkystan.kz sportbugin.kz-ке сілтеме жасап.

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің татамиге қайта шығатын мерзімі шамамен белгілі болды. Бұл туралы оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев айтты.

— Елдос жуырда Лондоннан елге оралып, отбасымен бірге жаңа баспанаға қоныс аударды. Чемпион атанғаннан кейін оған пентхаус тарту етілген болатын. Қазір бұрынғы жер үйінен сол пәтерге көшіп алды. Қазіргі уақытта Венгрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында жүр, — деді бапкер.

Жылгелдиевтің айтуынша, Сметовтің нақты жарысқа қашан оралатыны әзірге белгісіз.

— Иығындағы жарақатын толық емдеп алу қажет. Егер қалпына келу процесі сәтті өтсе, жыл соңына қарай ресми турнирлерге қатыса бастаймыз, — деп түйіндеді ол.

Айта кету керек, Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан бері ресми жарыстарда бақ сынаған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары