Маңғыстауда облысында қаржы пирамидасын құрушылар 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының сайты.
"Ақтау қаласы сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша қаржы пирамидасын құрғаны үшін екі азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысында аталған тұлғалар өздері ашқан кооперативтің есепшотына ақшалай салым салу арқылы басқа азаматтармен кезек тәртібімен тұрғын үй немесе автокөлік сатып алу мүмкіндігі туралы жарнама таратқан.
Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде облыстың 31 тұрғыны жалпы сомасы 89 млн теңге мүліктік залалға ұшырады.
Айта кетері, осы тектес қылмыс үшін сотталушылардың бірін бұған дейін де сотталған екен.
Прокуратура ақшалай салымдар арқылы өте жоғары табыс, бонустар алу немесе пайызсыз мүлікті сатып алу туралы кез келген уәде қаржы пирамидасының айқын белгісі екенін ескертті.