Қаржылық мониторинг агенттігі электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады turkystan.kz.
2025 жылдың басынан бері:
- вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді;
- 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды;
- осы өнімдерді өндіруге арналған 6 бірлік жабдық алынды;
- тәркіленген өнімнің жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асты;
- 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз қызмет Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған.
Түскен табыстар «дроптар» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Аталған өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелетке толмаған оқушылар.