Ақтөбеде тұрғын үйден өрт шықты

/
Ақтөбеде тұрғын үйден өрт шықты
Видеодан скриншот

Ақтөбелік құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбедегі Тұрмағанбетов көшесінде алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтердің балконы өртенді.

Жедел келген өрт сөндіру жасақтары оттың пәтерге және жоғары орналасқан балкондарға таралуына жол бермей, өртті 4 шаршы метр алаңда сөндірді, – деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары