Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Димаштың челленджін қолдады (ВИДЕО)

/
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Димаштың челленджін қолдады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген бастаған шығармашылық челленджге қолдау білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұландықтар түсірген бейнероликтен әскери қызметшілер саптық дайындық пен заманауи хореография элементтерін үйлестіре отырып, әсерлі би билегенін көруге болады. Қимыл-қозғалыс ұлттық нақыш пен музыкалық ырғақтың көркем үйлесімдігін айқындайды.

«Біз үшін бұл жай ғана интернеттегі флешмоб емес. Біз ұландықтардың жарғыны бұлжытпай орындайтын сарбаздар ғана емес, өз елін, оның табиғатын, өнерін шын жүректен сүйетін азамат екенін көрсеткіміз келді», - дейді түсірілімге қатысқан Әсел Мұханбетзәкір.

Бұл шығармашылық бастаманың негізіне Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы «Тау ішінде» әнінің жаңа бейнебаяны арқау болды.  

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бұл челлендж аясындағы өнері тың әрі әсерлі форматымен ерекшеленді. Ол өнердің шекарасы жоқ екенін, шен мен шекке бағынбайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары