«Тыңдай білу»: Жас басшыға керек 6 кеңес

/
«Тыңдай білу»: Жас басшыға керек 6 кеңес
istockphoto

Оның бойын үрей мен сенімсіздік билеп, сол рөлге лайық екенін дәлелдеуге тырысып бағады. Қалай дегенмен, бұрын аралас-құралас боп жүрген әріптестеріне тапсырма беріп, қадағалау оңай емес. Осы орайда біз жас басшыға көмек ретінде forbes.kz бірнеше кеңес ұсынaды. 

1. Идеал болуға тырыспаңыз, шынайы болыңыз! Жас басшыға кедергі келтіретін ойдың бірі — «мен бәрінен күшті болуым керек» деген талап. Ол өз қызметіне лайық екенін дәлелдеу үшін қатесін мойындай алмауы мүмкін. Нәтижесінде өзіне өте көп жауапкершілік жүктеп, үлгере алмай жатады, ал бұл сенімсіздікке әкеп соғады. Назар аударатын жайт: адамдар шынайылықты ұнатады, мінсіз болуға ұмтылудың қажеті жоқ. Қателесу, бірнәрсені білмеу — қалыпты жағдай. Егер осыны мойындай алсаңыз, команда да сізді эмоциясы бар өзіндей адам деп қабылдайды. Сенім — команда құратын іргетас деп түсініңіз.

2. Міндеттерді емес, ықпал ету аймақтарын бөліп беру. Жас басшы іске кіріскенде біреуге түсіндіргеннен гөрі, бәрін өзі істеп тастағысы келіп тұрады. Сізге таныс шығар? Бірақ жас басшының мақсаты командадағы ең өнімді маман болу емес. Өзгеге тапсырма беру — жауапкершілікті біреуге арту деген сөз емес. Сол себепті нақты бір шаруаны емес, жүйелі жұмысты табыстауға тырысыңыз. Қызметкерге қандай да бір мәселе үшін шешім қабылдау жауапкершілігі берілсе, ол да жұмысын тиянақты етіп істеуге тырысады.

3. Тыңдай білу — тиімді басқарудың кілті. Бірінші басшыға қажет маңызды дағдылардың бірі — тыңдай білу. Әңгімені үзбей, ақыл айтпай тыңдау. Егер командада өзара түсінбестік, айтылмай қалған пікір болса, онда өзіңізге үңіліп көріңіз. Мүмкін сіз өзгелерді естімей жүрген шығарсыз? Адамдар проблеманың себебін бірден айта алмауы мүмкін. Егер басшы мәселенің өзегін тыңдау арқылы қызметкерді түсіне алса, онда бәрі тез шешіледі деген сөз.

4. Процесс құруға тырысқан дұрыс. Қызмет өскенде өзіңізді «супермен» сезінуіңіз мүмкін. Бәріне араласып, қадағалап жүресіз. Бірақ бұл өнімділік иллюзиясын береді. Осы ырғақта сіз бірінші демалысқа шыққанша немесе ауырып қалғанша жұмыс істейсіз. Көп басшының сөзінше, егер ол толық қадағалауды доғарса, онда «дүние» қирап қалуы мүмкін. Анығында — бірінші басшы ретінде сіз тұрақты жүйе құра білуіңіз керек, күнделікті режимге айналатын процесс қалыптастыруыңыз керек, яғни тұрақты кездесулер, түсінікті коммуникация арналары, ашық процестер дегендей. Және сіз құрған жүйе сізді күтпей-ақ жұмыс істей алуы маңызды.

5. Мидағы қасаң оймен жұмыс істей білу. Біздің қоғамда қатал және қатты болмау керек деген таптаурын пікір бар. Сол себепті жас басшы басқаларға тапсырма бере алмай жүреді. Егер сіз жұмысқа кедергі келтіретін қасаң оймен жұмыс істей алмасаңыз, онда осы ой өзіңізді басқарады. Көшбасшының негізгі жұмысы сыртқы құралдар емес, ішкі жұмыс. Тәлімгерлерден көмек сұрауға ұялмаңыз. Бұл сенімділік пен есеюге құйылған инвестиция. Ең бірінші өзіңізді басқаруды үйреніңіз.

6. «Құтқарушыдан» — «тәлімгер» рөліне өту. Басшы бәрі үшін жұмыс істемеу керек, әрине, нәтиже сізден талап етіледі. Десе де, басшы ұжымның даму векторын, құрылымын құрастырады, қызметкерді үйретеді, қолдайды. Сіз жол көрсетесіз, бірақ біреудің жолымен жүрмейсіз. Басшы әрбір іске араласа бермей, команданың өзіне өсуге және есеюге мүмкіндік бергені жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары