Қарағандыда жарылыс болды

/
Қарағандыда жарылыс болды
istockphoto

Қарағандыда салынып жатқан газ тарату желісінде жарылыс болды.

Құбыр жарылған жердегі көрініс әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбаға қатысты Қарағанды қалалық құрылыс бөлімі түсініктеме берді.

"Орташа қысымды газ тарату желілерін сығымдау кезінде қоспа атылды. Қазіргі уақытта бұл желілер жұмыс істемейді, жүйеде табиғи газ жоқ", - дейді ведомстводағылар.

Құбыр жарылған жерде мердігер ұйым жұмыс істеп жатыр.

Жарылыс салдарынан бірнеше көлік зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Мекеме мәліметінше, көліктердің шығынын мердігер ұйым өтейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары