Қазақстан елшісі Украина президентіне сенім грамоталарын тапсырды

/
Қазақстан елшісі Украина президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның Украинадағы елшісі Төлежан Барлыбаев Украина президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше тапсыру рәсімі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы ескерткіштерінің тізіміне кіретін «Киевтік София» (1037 жыл) ұлттық қорығының аумағында өтті.

«Қысқаша сұхбат барысында дәстүрлі достық қазақ-украиналық қарым-қатынастың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ әртүрлі салалардағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды», - деп жазылған  Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары