Павлодарда қайғылы жағдай болды

/
Павлодарда қайғылы жағдай болды
Видеодан скриншот

Жыл басынан облыста осымен жетінші бала үй терезесінен құлап кеткен. Олардың екеуі көз жұмды. 

Павлодарда ашық тұрған терезеден бір жасар бала құлап кеткен. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенованың мәліметінше, зардап шеккен жеткіншек қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

– Сәбидің жағдайы тұрақты, медицина қызметкерлері орташа ауырлықта деп бағалады. Негізгі шағым – жарақаттар мен көгерулерге байланысты ауырсыну синдромы. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - деп мәлімдеді ол. 

Сәуле Шәкенова бұған қоса өңірде балаларыдң терезеден құлау оқиғалары жиілеп тұрғанын атап өтті. Айтуынша, биылғы 13 сәуірден бері Павлодар облысында 7 сәби терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай, олардың екеуі көз жұмған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары