Еліміздің төрт өңірінде ауа сапасы нашарлайды

/
Еліміздің төрт өңірінде ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Қазгидромет" РМК бүгін,14 маусымда Қазақстанның төрт қаласында ауа ластанатынын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Өскемен, Ақтөбе, сондай-ақ түнгі уақытта Атырау мен Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) жиынтығы. Мұндай жағдайларда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ластану деңгейінің артуына ең алдымен желдің жылдамдығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның ылғалдылығы мен температурасы сияқты синоптикалық факторлар әсер етеді.

Экология мамандары қолайсыз метеожағдай кезінде тұрғындарға ұзақ серуендер мен ашық ауада белсенді физикалық жүктемеден бас тартуды, терезені жиі ашпауға тырысуды, балалар, қарттар мен тыныс алу органдары сырқаттары бар азаматтардың сақ болуын ұсынады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары