Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

/
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 — 516 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,92 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,44 теңге. Еуро — 588,91

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —512 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 587 сату құны — 592.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 588 теңгеден сатып алынып, 593 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,36 — 6,52 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 511,92 теңге болған. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары