Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады
istockphoto

"Қазгидромет" РМК бүгін, 14 маусымда Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың көптеген аймағында найзағай ойнап, бұршақ жаууы, тұман түсуі, желдің күшеюі және аптап ыстық күтіледі. Сонымен қатар, көптеген өңірлерде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қатты жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерде бұршақ жауады, найзағай болады. Желдің екпіні 20 м/с-қа жетуі мүмкін. Өңірде өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысында қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Желдің күші 15–20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Көкшетау қаласында да найзағай болжанып отыр.

Қостанай облысында найзағай, бұршақ және тұман болады. Кей жерлерде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында найзағай мен бұршақ күтіліп, жел күшейеді. Облыстың батысында күн 36 градусқа дейін ысиды. Жезқазғанда жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.

Маңғыстау облысында аптап ыстық 40 градусқа дейін барады. Кей өңірлерінде төтенше өрт қаупі жарияланды.

Қарағанды облысында түнде найзағай, күндіз бұршақ және қатты жел күтіледі. Өрт қаупі айтарлықтай жоғары.

Атырау облысында 36–38 градусқа дейін ыстық болады. Найзағай мен қатты жел күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында найзағай, бұршақ және 38 градусқа дейін аптап ыстық болжанып отыр. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың бірқатар аумағында өрт қаупі өте жоғары деңгейде.

Павлодар облысында қатты жаңбыр, найзағай мен бұршақ болады. Жел 20 м/с дейін жетеді. Өңірде де өрт қаупі жоғары.

Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Алматы мен Қонаев қалаларында да найзағай мен жел болжанып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында бұршақ, найзағай мен 35 градус ыстық күтіледі. Жел екпіні 20 м/с дейін барады. Өңірдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, 40 градусқа дейін ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында 38 градус аптап күтіліп, көптеген аудандарда өрт қаупі өте жоғары деңгейде.

Жамбыл облысында найзағай мен 38 градусқа дейін ыстық болжанып отыр. Таулы аймақтарда жел күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ және қатты жел болады. 36 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталуда.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ауа райы туралы ескертулерге мұқият болуды, ашық далада ұзақ болмауды, орман және дала өрттерінің алдын алуды, жолда абай болуды және электр сымдары мен ағаштардың жанында сақтық танытуды ұсынады. Сонымен қатар, күн ыстықта денсаулықты қорғау үшін су ішуді ұмытпау, бас киім киіп жүру маңызды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары