БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 11 маусым күні қаладағы «Вишневый сад» саяжай бірлестігі ауданында 15 жасар жасөспірім Шаған өзеніне батып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның мүрдесін куәгерлер судан шығарды.
Бұл – осымен жыл басынан бергі екінші оқиға. Бұдан бұрын 27 мамыр күні Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңында тағы бір жасөспірім жабдықталмаған жерден суға түсіп, батып кеткен.
Өткен жылы облыс бойынша барлығы 16 адам қайғылы қазаға ұшыраса, соның алтауы – балалар.
Жыл басынан бері су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес 20 адам және 2 заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, оларға 348 282 теңге айыппұл салынды.
Жедел-құтқару жасағының күшімен зардап шеккен құтқарылып, қайықпен жағаға жеткізілді.