Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Майғазиевтың күні кеше өткен үйлену тойында өнер жұлдыздары түгелдей төбе көрсетті, деп жазады turkystan.kz.
Тойда бір емес, 14 жүргізуші болып, тойдың өзі тікелей эфирде көрсетілген болатын.
Келген қонақтар стилімен, киген киімдерімен де таң-тамаша қылып жатты. Соның бірі – Азамат Сатыбалды. Актер шашын тақырлап алып тастаған. Мойнына қалың алқа тағып алған. Желі қолданушылары актердің бұл образына мүлде дайын болмаған. Олар таңданыстарын жасыра алмады. Сөгіп, сынға алғандары да жетерлік.
“Мынау Азамат па, не болып кеткен, масқара”, “Орыс әншісі Шурадан аумай қалыпты”, “Дым жараспайды әйелі қайда қарады”, “Осылай еліктеуді қашан қоямыз”, — деп жазды олар.