Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Жетісу облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығысында солтүстік-шығыс желі соғып, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында түнде батыс пен оңтүстікте, күндіз облыс аумағында найзағай, кей жерлерде бұршақ жауады. Батыс пен оңтүстікте жел екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда күндіз найзағай. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысының солтүстік, оңтүстік және батыс бөлігінде найзағай болып, батыста бұршақ жауады. Жел күндіз батыста 15 м/с. Өрт қаупі жоғары, батыста өте жоғары. Қарағандыда күндіз найзағай болады.

Ұлытау облысының солтүстік, шығыс және орталығында найзағай болып, кей жерлерде бұршақ жауады. Жел екпіні 15 м/с. Жоғары, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі. Жезқазғанда найзағай болады.

Қызылорда облысының солтүстік пен орталығында найзағай болып, шаңды дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с. Облыс бойынша өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да осындай жағдай.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай болып, түнде және таңертең батысын тұман басады. Өрт қаупі өте жоғары.

Ақтөбе облысының солтүстік, шығыс және оңтүстігінде найзағай болып, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі барлық аймағында өте жоғары. Ақтөбеде найзағай болады.

Атырау облысының батыс, шығыс, оңтүстігінде найзағай болады. Жел 15-20 м/с. 35–38°C ыстық болады. Өрт қаупі өте жоғары. Атырауда найзағай жарқылдап, 35°C ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 15-18 м/с жетеді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары болады.

Абай облысында жел екпіні 15-18 м/с жетеді. Күндіз 35°C ыстық болады. Өрт қаупі жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында – өте жоғары. Семейде де өрт қаупі жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысында батыс, солтүстік, оңтүстігінде найзағай болып, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары. Петропавлда найзағай болып, жел екпіні 20 м/с жетеді.

Қостанай облысының батыс пен солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғарыболады. Қостанайда найзағай, жел екпіні 20 м/с жетеді.

Павлодар облысының батыс пен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысының солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында найзағай болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі өте жоғары, болады. Таразда найзағай болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай болып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35–37°C ыстық болады. Оралда 35°C ыстық болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай болып, дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте де найзағай мен жел тұрады.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматыда түнде найзағай болады. Қонаевта күндіз 35°C ыстық болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары