«Тобыл» футбол клубының ұжымы Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған командаластары Асхат Тағыбергенге құрмет көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сары-жасылдардың футболшылары ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған Асхат Тағыбергенге құрмет көрсетіп, 8 нөмірі тігілген арнайы шапан сыйға тартты. схат командаға алғысын білдіріп, ендігі бар күш-жігерін «Тобылға» арнайтынын жеткізді», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 9 маусым күні футболдан Қазақстан командасының капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапында соңғы ойынын Солтүстік Македония құрамасына қарсы өткізді.