Әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы атынан жалған аккаунттар анықталуда, деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілерде Агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар мен парақшалар құруды жалғастыратын алаяқтар туралы тағы да ескертеді. Сонымен, Facebook әлеуметтік желісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің атынан жалған парақша ашылу жағдайы тіркелді. Бұл Төрағаның жеке парақшасы емес екенін ескертеміз. Қазіргі уақытта мұндай жалған парақшаны бұғаттау жұмыстары жүргізілуде», - деп жазылған ресми хабарламада.