Семей қаласында 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыс орталығында Toyota автокөлігі тоқтатылып, оны Семей қаласының тұрғыны басқарғаны анықталды. Тексеру барысында жүргізушінің атына "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен автоматты түрде тіркелген 26 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша төленбеген айыппұлдар бар екені белгілі болды.
Жалпы айыппұл сомасы 500 мың теңгеден асты. Барлық құқық бұзушылықтар белгіленген жылдамдықты асыру және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту деректері бойынша тіркелген.
Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. Осыған байланысты, құқықбұзушының автокөлігі қарызы толық өтелгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды.