Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес өтеді

Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес өтеді

Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес өтеді
ашық дереккөзі
2017 жылдың сәуір айында Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысына дайындық аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (ЕАЭК) бейнеконференция режимінде өткен отырысына қатысты. ЕуразЭК-тің Кедендік кодексін тиімді жүзеге асыру мақсатында ЖЕЭК отырысында қарастыру үшін Кедендік әкімшілендіру саласында бірқатар актілерді бекіту бойынша Комиссия Алқасы мен Кеңесі арасындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты ЕАЭК жұмысының Регламентіне түзетулер енгізуді Кеңес мүшелері мақұлдады. Мемлекет басшыларының қарауына енгізу үшін Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттердің 2017-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары мақұлданды. Онда ЕуразЭК-ке мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар енгізілген. ЕАЭК Кеңесінің мүшелері халықаралық ынтымақтастық мәселелері төңірегіндегі бірқатар сұрақтарды талқылады. Негізінен, Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға бағытталған консультациялар өткізіліп, «Кеден одағы комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімдерді қарастырды. ЕАЭК отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың әрі қарай дамытуына бағытталған барлық сұрақтар бойынша өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.