"Бомба үшін": "Оскар" алған әйгілі актер әуежайда ұсталған

/
"Бомба үшін": "Оскар" алған әйгілі актер әуежайда ұсталған
сурет: blog.okko.tv

АҚШ әуежайларының бірінде белгілі Голливуд актері Бенисио Дель Торо уақытша ұсталған. Әуежай қызметкерлері оның сөмкесінен "Бомба", "Ұшақ кабинасы" және "Қирау" деген атаулары бар кино сценарийдің баспа нұсқасын тауып алған, деп хабарлайды turkystan.kz The Late Show with Seth Meyers шоуына сілтеме жасап.

Сценарийдегі алғашқы сахналар былай басталған:
1-сахна: Ұшақ іші. Бомба.
2-сахна: Ұшақ кабинасы.
3-сахна: Апат.

Бұл жазбалар қауіпсіздік қызметкерлерінің күдігін туғызып, олар бірден бес ұлттық қауіпсіздік қызметі агентін шақырған. Актердің заттары түгел тексеріліп, өзі уақытша ұсталды .

Алайда жағдай тыныш аяқталған, агенттердің бірі Бенисио Дель Тороны танып, оның жаңа фильмге қатысып жатқанын анықтаған. Табылған құжат сол жобаға тиесілі жұмыс сценарийі болып шықты.

Дель Торо ешқандай айыптаусыз әрі қарай жолын жалғастырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары