Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Солтүстік Македонияға қарсы кездесу (0:1) туралы пікір білдірді.
– Бізді қолдауға келген барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын. Жігіттерге мың алғыс, олар бұл матчқа тыңғылықты дайындалып, алаңда барын салды. Біз ел үшін, ту үшін соңына дейін күресеміз деп уәде бергенбіз. Бүгін жанкүйерлер тартысқа толы, жанды күресті көрді деп ойлаймын. Ойын алаңының әр бөлігінде шынайы шайқас болды.
Бүгін бізге сәттілік жолдас болмады. Дастанға да, Максимге де сәл ғана сәттілік жетіспеді. Жалпы алғанда, бізде мүмкіндіктер болды. Ойын стадиондағы және экран алдындағы жанкүйерлердің көңілінен шықты деп ойлаймын, – деді Әли Әлиев.