Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген бүгін ұлттық командамен қош айтысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Солтүстік Македонияға қарсы ойында 0:1 есебімен жеңілген соң Асхат журналистерге берген сұхбатында бұл шешімге не түрткі болғанын түсіндірді.
"Бұл – менің ұлттық құрамадағы соңғы ойыным. Өзім үшін солай шештім. Көп жанкүйерге рахмет, көп жылдан бері қолдап келе жатыр. 2014 жылы ең алғашқы ойынымды ойнаппын. 11 жылдан бері қолдап келе жатқанына көп рахмет! Ұлттық құраманың бір бөлігі және капитаны болғаныма қуаныштымын! Жанкүйерлерге мың алғыс! Хейтерлер бүгін қуанып жатқан шығар. "Жастарға орын беріңдер" дегендей. Әрине, жастарымыз өсіп келе жатыр. Жастарымыз ұлттық құраманы Еуропа және әлем чемпионаттарына шығарады деген үміттеміз. Мен жастарға сенемін! Алға Қазақстан!", – дейді Асхат Тағыберген.