Елордадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығының артындағы жол жабылады. Аталған учаскеде жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сол себепті 9 маусымнан 13 маусымға дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен жүзеге асырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз бағыттарын алдын-ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұрайды.