Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

"Қазгидромет" РМК бүгін, 8 маусымда Қазақстанның екі қаласында ауа ластанатынын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, түнгі уақытта Өскемен мен Атырау қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) болжанып отыр.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына себеп болатын қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың (тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайлар орын алғанда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, халықтың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдай: желдің күші мен бағыты, жауын-шашын мөлшері, ауа температурасы мен ылғалдылығы. Осыған байланысты, мамандар тұрғындарға қажет болған жағдайда сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары