Жыл басынан бері Қазақстанда кене энцефалитінің 17 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 жағдайға артық. Сырқаттардың ең көп саны Солтүстік Қазақстан облысында - 6 жағдай, оның ішінде бұрын эндемиялық деп есептелмеген аумақтарда тіркелді. Бұл климаттың өзгеруіне және ыстықтың ерте басталуына байланысты иксод кенелерінің таралу аймағының кеңеюін көрсетеді.
Сондай-ақ, Ақмола облысында 4 адам зардап шекті, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Алматы облысында – 2 адам, Павлодар облысында және Алматы қаласында 1 инфекция жағдайы тіркелді.
Алғашқы алты айда 8 840 адам, оның 3 444-і 14 жасқа дейінгі балалар кене шағып алғаннан кейін дәрігерлерге жүгінді. Зардап шеккендердің 88%-ы (7 736 адам) иммуноглобулинмен шұғыл профилактика алды. Қалған 12%-ы препаратты бірқатар себептер бойынша алған жоқ: эндемиялық аймақтан тыс болу, кеш қаралу, өздігінен бас тарту, вакцинациялау және т. б.
Санэпид қызметтері кенеге қарсы өңдеудің көктемгі турын өткізді. 279 қолайсыз (ККГҚ бойынша эндемиялық) елді мекендердің айналасында санитариялық қорғау аймақтары құрылды.
Халыққа арналған ұсынымдар:
Табиғи ортада болу кезінде, әсіресе кене энцефалитінің эндемиялық және ККГҚ аудандарында:
● дененің және киімнің ашық жерлерін өңдеу үшін репелленттерді қолданыңыз;
● жабық киім киіңіз: ұзын жеңді жейделер, шалбарды шұлыққа салыңыз, басыңызға орамал байлаңыз немесе капишон киіңіз;
● киім мен денені үнемі тексеріп отырыңыз;
● егер кене табылса, дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз;
● өзбетінше алып тастаған кезде абай болыңыз: кенені бірден тартпаңыз, тұмсығын жұлып алғанда - оны тікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерді йодпен өңдеңіз, қолыңызды мұқият жуыңыз.
Кенеден абай болыңыздар – Министрлік ескертеді
