Қазақстандық гимнасшылар Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

/
Қазақстандық гимнасшылар Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан командалық көпсайыста қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүлдені Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Маменов, Ілияс Әзізов пен Әлішер Тойбазаров иеленді. Олар жалпы 240.301 ұпай жинады.

Бірінші орынды Жапония құрамасы (253.002 ұпай), ал екінші орынды Қытай құрамасы (248.265 ұпай) иеленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары