Қазақстандық бал өндіруші алғаш рет Еуропалық Одақтың Honey and other apiculture products establishments (HON) ресми тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
SUN-BEE ALTAI өнімі Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында өндіріледі. HON тізіліміне ену кәсіпорынға Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Австрия, Испания, Польша, Чехия, Словакия, Словения, Латвия, Литва, Эстония, Венгрия, Финляндия, Швеция, Дания, Португалия, Грекия, Болгария, Румыния, Хорватия, Ирландия, Кипр, Люксембург және Мальта секілді Еуропалық Одақ елдеріне бал экспорттауға құқық береді.