Мейрамбек Беспаев өнердегі інісі Әбдіжаппар Әлқожаға самокат сыйлады, деп жазады turkystan.kz.
«Менің туған күніме екі тал сомакат алып бересің», – деп әзілдеген Әбдіжаппар Әлқожаға Мейрамбек Беспаев ағалық көңілмен уәдесін орындап, сомакат сыйлапты», - деп жазылған видео жазбасында.
Жұртшылық бұл сыйға сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр. “Ағалықтың нағыз үлгісі”, “Мейрамбек ағаның жомарттығы ерекше” деп пікір қалдыруда.
Естеріңізде болса, Мейрамбек Бесбаев қызының есімін Әбдіжаппар Әлқожаға қойғызған болатын.