«Әжесі, анасы, әкесі мен ағасы жүр. Сонда жалғыз бір Шерзатты қорғай алмағандары ма?» – айыпталушы ағайындының анасы

/
«Әжесі, анасы, әкесі мен ағасы жүр. Сонда жалғыз бір Шерзатты қорғай алмағандары ма?» – айыпталушы ағайындының анасы
видеодан скриншот

Талдықорғандағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты ашық сот процесінде Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтардың анасы сөз алды.

«Ең алдымен ана ретінде Шерзаттың отбасына, ата-анасынан кешірім сұраймын. Болған жайт әрине бәріміз үшін өкінішті. Бұл оқиғада ешкім қасақана барып, адам өлтірген жоқ. Бәрі аяқ асты болған жағдай. Біріншіден менің айтатыным, оқиғаны басталуына жәбірленуші Нұрымов Қаржаубайдың өзі түрткі болған. Бұл бейнежазбада көрініп тұр. Сол жерде төрт адам жүр. Балалар бармай тұрып әжесі жүр, анасы жүр, Қаржаубай жүр, ағасы жүр. Сонда жалғыз бір Шерзатты қорғай алмағандары ма?

Нұрбол мен Дарханның жарақат алғанына қарамастан пышақ алып қарсы шығып жүр. Мұндай жағдай баланың өліміне алып келді. Нұрбол Дарханды алып кету үшін барған, ақша төлемеді деген сылтаумен Қаржаубай осындай төбелеске итермелеп тұр. Үйінде жатқан інісін шақырып алады. Шерзат балаларын шақырып алады. Сонда неге шамасы жетпей тұр? Нұрбол мен Дархан тұр, неге 102-ге өздері хабарласпаған? Мені сол ой мазалайды. Нұрболдың сол видеода іс-әрекеті көрініп тұр. Еш қарсылық көрсетіп тұрған жоқ. Бұл жәбірленуші жақтан айтқан сөздердің да көбі – өтірік. Шындықтан өтірігі көп. Бұл – біздің балаларымыздың тағдыры. Бала өлді екен деп, екі жақты тең қарау керек. Басынан қалай басталды. Бұл бейнетаспада менің балаларымның ажыратып жүргеннен басқа біреуге қарсы шығып жатқаны көрінбейді», – дейді айыпталушы ағайындының анасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары