Оңтүстікте күн 42 градусқа дейін ысып, солтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады

/
Оңтүстікте күн 42 градусқа дейін ысып, солтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады
pixabay.com

«Қазгидромет» 3-5 маусым аралығына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі", – делінген хабарламада.

Солтүстікте ауа температурасының түнде 10-17 градустан 8-15 градусқа дейін, күндіз 25-30 градустан 18-23 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Шығыста ауа температурасының түнде 7-18 градустан 9-20 градусқа дейін, күндіз 22-33 градустан 24-35 градусқа дейін жоғарылауы болжанады. Оңтүстік-шығыста түнде 5-15 градустан 7-17 градусқа дейін, күндіз 22-30 градустан 25-35 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі. Оңтүстік өңірлерде күндіз қатты ыстық – 40-42 градус болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары