Жыл басынан бері елдегі халық саны 69,8 мың адамға өскен – статистика

/
Жыл басынан бері елдегі халық саны 69,8 мың адамға өскен – статистика
egemen.kz

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құрады, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 69,8 мың адам болды. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 63,4 мың адамға, көші-қон есебінен – 6,3 мың адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны елордада байқалды. Астана халқының саны көші-қон ағындары есебінен артып келеді. Мәселен, елорда тұрғындарының саны жыл басынан бері 29,7 мың адамға өсті, оның 78,3%-ы көші-қон есебінен. Айта кетейік, жыл басынан бері көші-қонның оң сальдосы 5 өңірде – Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда – Астана, Алматы және Шымкентте байқалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары