Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында мал бағып жүрген азамат найзағай түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«31 мамыр күні Мамлют ауданында, Владимировка ауылының маңында мал бағып жүрген кезде Қызыласкер ауылының 38 жастағы тұрғынына найзағай түсіп, көз жұмды», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, Ақмола облысының Зеренді ауданында да найзағай соғып, мал бағып жүрген ер адам мен оның 9 жастағы ұлы қаза тапқан еді. Бұл факті бойынша да полиция қылмыстық іс қозғаған.