Түркияда муайтайдан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында 17 жастағы атыраулық Юсуф Мухтасип сенсация жасап, чемпион атанды, деп хабарлайды turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол финалда жарыс иесі, түрік Салих Сарметен басым түсті. Жартылай фианлға іркілмей өткен ол ширек финалда гонконгтық атлеттен басым түссе, жартылай финалда ресейлік қарсыласынан айласын асырды.
Атыраулық атлет әлем чемпионы атағымен қатар, Elite-сыныбындағы ең жас әлем жеңңімпаз атағын иеленді. Сонымен қатар ол Халықаралық муайтай федерациясының «Жыл жаңалығы» арнайы жүлдесін иеленді.
Еске сала кетейік, Юсуф Мухтасип – 2021 жылғы әлем чемпионы (Таиланд, Бангкок). «GRAND SLAM» 2022 (Малайзия, Куала-Лумпур), «Анталия кубогі» 2022 және 2024 (Түркия, Анталья), «Қара теңіз кубогі» 2023 (Ресей, Сочи) секілді халықаралық жарыстардың жеңімпазы. 2024