Мамандар бадминтон ойнай алатын робот ойлап тапты

/
Мамандар бадминтон ойнай алатын робот ойлап тапты
@leggedrobotics/YouTube

Цюрихтегі (Швейцария) жоғары техникалық мектебінің инженерлері адамдармен бадминтон ойнай алатын робот ойлап тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Science Robotics журналының мәліметінше, төрт аяқты робот ANYmal-D 10 воланды қатарынан ұра алады. Ойынды бақылауда ұстау үшін ол стереокамера қолданады. Оның қолына бадминтон ракетасы бекітілген.

Робот воланның қозғалысын болжауды үйренген және алаңда оңай қозғала алады. ANYmal-D роботтың  4 аяға бар болғандықтан ол басқа роботтар секілді емес, тұрақты әрі алаңда жылдам қимылдай алады.

Тестілеуде белгілі болғандай, ол адамдармен бадминтонды жақсы ойнай алады, тез реакция береді әрі соққыны дәл тигізеді.

Кейінгі кезде роботтар бұрын тек адамдардың қолынан келетін әрекеттерді істеп, әлем жұртшылығын таңғалдырып жүр. Роботтар бір-бірімен жұдырықтасады, жартылай марафонға жүгіреді, тіпті брейк-данс билейтін болған. Ал Грекияда жуырда алғаш рет Халықаралық роботтар олимпиадасы өтпек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары