Мен – тіпті де «проблемный» ойыншы емеспін – Еуропалық клубта ойнайтын қазақ футболшы

/
Мен – тіпті де «проблемный» ойыншы емеспін – Еуропалық клубта ойнайтын қазақ футболшы
Ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Словакияның «Кошице» командасында доп тебетін Ғалымжан Кенжекбек көпшілік айтып жүрген мінезіне қатысты қауесетке жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Boroda Abata YouTube арнасына берген сұхбатында ол бәрімен жақсы тіл табыстанынын тілге тиек етті.

"Қалай ойлайсың неліктен сені «проблемный» футболшы дейді?", деген сұхбат алушының сұрағына футболшы былай деп жауап берді.

«Кипрдағы мансабым барысында, U-21 құрамасына қатысып жүрген сәтімнен  бастап алар болсақ, барлық бапкерлердің көңілінен шығып жүрмін деп есептеймін. Олардың менің жұмысыма көңілдері толады. Олармен әрдайым байланыстамын. Мысалы белгілі бапкер Сергей Доровенкомен байланыстамын. Ал «Қайраттағылар» неге мені олай қабылдағанын түсіне алмадым. Мүмкін мені ұзақ күткендіктен шығар. Меніңше, мәселе менде емес. Бәрі – олардың ойларында деп ойлаймын», - дейді Ғалымжан Кенжебек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары