«Жолдасы 82-де, анам 75-те»: Дана Нұржігіт егде жасында тұрмыс құрған анасын көпке үлгі етті

/
«Жолдасы 82-де, анам 75-те»: Дана Нұржігіт егде жасында тұрмыс құрған анасын көпке үлгі етті
Коллаж: Turkystan.kz

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің 75 жастағы анасы мен оның 82 жастағы жолдасы туралы жылы естелігін бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, анасы 68 жасында өз адамын кездестіріп, онымен отау тіккен.

«Менің анам Күнсұлу Ермаханова, жолдасы-ағамыз Қанат Құлымжанов Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының зейнеткерлері. Анам биыл 75-ке толады, Қанат ағамыз 82-де. Екеуіне тамсанбау мүмкін емес! Алматының Наурызбай ауданы халық ансамблінің жұмысын жүргізеді, өздері сияқты егде тартқан жандарды хорға жинап, спектакль қояды. Қанат аға «Домалақ» ананың либреттосын жазып, өткенде сахнаға алып шықты. 70-тен асқан ардагерлер, арасында өнерге мүлдем қатысы болмаған, зейнетке шыққанда баяғы арманына жетіп,сахна төрін бермейтін Diva-лар мен Маэстролар көп. Тамсанам, үйренем.

Мына жерде ата-анамды мектеп оқушыларымен кездесуге шақырыпты. Одан да қалмайды. Бұл кісілер ауырмайды дейсіз бе?! Ауырады әрине! Бірақ дертке дес бермей, сахнаға шығу керек, кездесу, тойда ән шырқап берсеңіз десе атып тұрып, костюмдерін киіп сақадай сай тұрады. Анам екеуі 2018 қарттықты бірге өткізсек деп шешкен еді. Шай деспейді емес, ол да бар. Бірақ…осының өзі өмір ғой! Оларға қарап мен сынбауға тырысамын, өзімді бала көретін сәтім болады. Айналайындарым, аман жүріңіздер! «Дәкәбай, қалайсың,жаным?» деп сұрайтын адам азайып барады…

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары