Елорданың 37 жастағы тұрғыны көлігінің жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жедел-іздестіру нәтижесінде Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.
Тергеу барысында анықталғандай, 36 жастағы азамат күндіз Әл-Фараби көшесінде тұрған Lada 21901 автокөлігін теуіп кеткен. Көліктің есігі ашық, кілті салонында болған.
Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 2 миллион теңгені құрады.
Аталған факті бойынша автокөлікті ұрлау мақсатында емес, заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Тергеу барысында күдіктінің бұрын да дәл осындай қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.