«60 сағат бойы ойнаған»: Екі тәулік орнынан тұрмай пианино тартқан музыкант рекорд орнатты

/
«60 сағат бойы ойнаған»: Екі тәулік орнынан тұрмай пианино тартқан музыкант рекорд орнатты
pixabay.com

Санкт-Петербургте (Ресей)  тұратын музыкант Руслан Ишдавлетов үздіксіз пианинода ойнап, әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды turkystan.kz МИР телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл – 60 сағатқа жалғасқан музыкалық марафонның нәтижесі. Пианиношы аспап алдында 2 тәуліктен аса уақыт тапжылмай отырған. Бір қызығы, ол осы уақыт аралығында нәр татпаған.

Руслан пианино ойнауды 27 мамыр күні бастаған. Сөйтіп ол еш тоқтаусыз әрі үзіліссіз 29 мамыр сағат 12:00-ге дейін ойнаған. Екі тәулік бойы ол бір секундқа болса да тоқтамаған. Басқа туындыларды ойнаумен қатар, ара-тұра өз ойынан әуен құрастырған.

Фонтанка өзенінің жағалауында болған марафонға Русланды қолдауға туыстары, достары мен әртістер, ақын-жазушылар және қала тұрғындары да келген.

«Шынымды айтсам, мен мұның қалай болатынын елестетпедім де. Бұл мүмкін бе? Ең алдымен өзіме және сүйіктіме уәде бердім. Құдай да маған көмектесті, себебі мен 60 сағат бойы қалай ойнап шыққанымды білмеймін. Меніңше, бұл ақылға қонымсыз секілді», – дейді музыкант.

Бұған дейін тіркелген рекорд уақыты 48 сағат болған. Бұл рекорд та Русланға тиесілі. Бұдан кейін ол өз рекордын өзі жаңартуға тырысқан, алайда бәрі ол ойлағандай болмай шықты.

Музыканттың айтуынша, ол бұл перформансқа тыңғылықты дайындалған: көп сағатқа жалғасқан медитация ұйымдастырған, соның есебінен адам энергиясын сезіп, оны музыка көмегімен жеткізуді үйренген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары