Әуе билеттері арзандауы мүмкін

Әуе билеттері арзандауы мүмкін

Әуе билеттері арзандауы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Парламенті Сенатының отырысында авиациялық тарифтерді төмендетуге бағытталған шаралар туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің сөзінше, Қазақстанның авиациялық нарық үш жыл бұрын ырықтандырудан өткен.  "Мысалы, еліміздің екі әуежайы арасында қатынайтын тасымалдаушылардың санына шек қойылмайды. Қазір екі бағытта төрт тасымалдаушыдан бар - Алматы-Шымкент пен Алматы-Астана. Алматы-Астана маршруты бойынша аптасына бір күндері 17 ұшыруға дейін орын алады", - деді ол.  Министрдің мәліметтеріне сәйкес, Бек Эйр, Qazaq Air пен Scat әуекомпанияларында екі апта бұрын сатып алынған билеттер құны 11 мыңнан басталады. "Эйр Астанада" билеттерінің ең төменгі бағасы 15-16 мың теңгені құрайды.  "Егер Алматы-Астана бағытында сол күні билет сатып алатын болсаңыз, билет құны 40 мың теңгеден асады. Сондықтан біз бәсекелестікті қыздыруға ниеттіміз", - деп атап өтті министр.  Халықаралық рейстерге тоқталған Ж. Қасымбек, шетелдік әуе компанияларымен қол жеткізілген келісімдер туралы айтып берді.  Оның айтуынша, венгриялық лоукостер WizzAir 8 маусымнан бастап, казақстандықтарды Еуропаға 40 еуро және одан жоғары бағамен тасымалдауға дайын.  "Біздің болжамымызша, билет құны орташа есеппен 100 еуро және одан жоғары болуы ықтимал. Дегенмен бір-екі ай бұрын сатып алынатын болса, 40 еуроға да шығуы мүмкін. Біз биыл Хельсинки және Варшаваға рейстер ашамыз. Жалпы ЭКСПО бойынша жұмыстардың аясында биыл Open Sky принциптері негізінде кез келген шетелдік қаладан Астанаға күніне 7 рейске дейін жасауға мүмкіндік берілді. Қазір сұраныс түсіп жатыр. Біздіңше, бұл қосымша бәскелестік алып келеді, ал ол өз кезегінде билет бағасының төмендеуіне ықпал жасайды", - деп атап өтті ол.