Әлеуметтік желіде Түркістан қаласының тұрғыны Роман Бұрқаш балаларымен кинотеатрға барып, келеңсіз оқиғаға тап болғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Желі қолданушысы балаларымен мультфильмді тамашалау барысында жарнама кезінде ұятсыз видеолар көрсетілгенін айтып, налыды. Түркістандық әке кинотеатр басшылығына ескерту ретінде ресми хат жазған. Алайда олардың жауабы көңіл көншітерлік емес.
«Есімім – Роман. Түркістан қаласының тұрғынымын. Маңызды мәселе айтқым келеді. Жақында балаларымен мультфильм көруге кинотеатрға бардық. Билетте де, сайтта да бұл балаларға арналған контент екені көрініп тұрды. Бірақ сеанс басталар алдында +18 ересектерге арналған фильмдердің жарнамалары көрсетіле бастады. Ол жерде анайы сөздер, ұятты сахналар залда отырған ата-аналар кірерге тесік таппады. Балаларымыздың алдында қатты масқара болған жайымыз бар. Бұл этикаға кереғар нәрсе. Балалардың құқығын бұзу, тұтынушылардың құқығын бұзу. Айдын-күннің амандығында кинотеардан масқара болып шықтық. Ертесіне кинотеатр басшылығына хат жаздым. Хатымда сеанстың алдында ұятты сахнасы бар контент көрсету Заңға қарсы әрекет екенін айттым. Алайда ертесіне кинотеатр басшылығы триллердің жарнамасы негізгі көрсетілетін фильмге жалғанғанын айтты. Яғни бар кінәні дистрибюторларға сілтеді», - дейді Роман Бұрқаш.
Оның айтуынша, дистрибюторлық компанияларға жазу нәтиже бермейтіндіктен, одан да Мәдениет министрілігіне ресми хат жолдау керек екенін айтты.