«Дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған»: Өскемен тұрғынына қарға шабуыл жасады

/
«Дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған»: Өскемен тұрғынына қарға шабуыл жасады
pixabay.com

Оқиға қарғалар ұя салып, белсенді тіршілік ететін ауданда болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құстың агрессивті болғаны соншалық, шабуылдан кейін жәбірленуші №4 қалалық аурухананың жарақат пунктіне жүгінуге мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта қарғалар балапандарын қоректендіріп жатыр, сондықтан олар ұрпағын қорғау үшін өте агрессивті болуы мүмкін.

«Иә, бізге осындай шағым түсті. Қыздың басында жеңіл жарақат болды. Пациентке алғашқы көмек көрсетіліп, жарақаты өңделіп, таңғыш салынды. Сондай-ақ, алдын алу мақсатында құтыруға қарсы вакцина егілді», — деп хабарлады аурухана.

Бұған дейін Семейде қарғалардың шабуылынан балалар мен олардың ата-аналары құтқарылған болатын. Құтқару операциясы көпқабатты үйлердің бірінің маңында жүргізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары