Батырхан Шүкеновтің жаңа клипі жарық көреді

Батырхан Шүкеновтің жаңа клипі жарық көреді

Батырхан Шүкеновтің жаңа клипі жарық көреді
ашық дереккөзі
26 сәуір күні музыкалық телеарналардан Батырхан Шүкеновтің «Нас исцеляет любовь» деп аталатын әніне түсірілген жаңа клип көрсетіле бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған клип Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың күшімен түсірілген. «Бұл жаңа ән. Батыр дыбыс тірегін сонау 2014 жылдың тамызында жазған болатын. Басқа да әндері болғандықтан мұнынмен айналысуға уақыты болмай кейінгі ысырып қойған еді. Батыр оларды жинап жүрді. Әнмен, аранжировкасын, дыбысын жазумен ұзақ  жұмыс істедік. Өткен жылы бастаған едік, міне  биыл оны толықтай өңдеп шықтық», - деді ҚазАқпарат тілшісіне қордың директоры Олжас Байқанов. Оның сөзіне қарағанда, клипте Батырдың жеке архивінен, қордың  PR-директоры Юлия Углова мен клип режиссері Дина Махаббаттың қорынан алынған кадрлар пайдаланылған. Сонымен қатар суретшілер Екатерина Джебко мен Елена Кравчуктің де кадрлары қолданылған. Батырхан Шүкенов 2015 жылдың сәуір айының соңғы күндерінде 53 жасында өмірден озды.