Қазақстандық студенттер Мәскеудегі олимпиадада жеңіске жетті

/
Қазақстандық студенттер Мәскеудегі олимпиадада жеңіске жетті
stat.gov.kz

Мәскеуде ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті ұйымдастырған статистика бойынша III Халықаралық студенттік олимпиада-фестивалі өтті.

Жарысқа Қазақстан атынан М. В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының студенттері қатысып, командалық есепте бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері статистика құралдарын сауатты қолдану номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Олимпиадаға Әзірбайжан, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан барлығы 13 студенттер командасы қатысты.

Іс-шара «ТМД статистикасын дамыту» жобасы аясында өтті және статистика ғылымын насихаттауға бағытталған.

Байқау екі күнге созылды. Бірінші күні қатысушылар теориялық статистика бойынша тест тапсырып, шығармашылық тапсырманы қорғады.

Екінші күні командалар әзірлеген ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады. Зерттеу тақырыбы – «Ұлы Жеңіске 80 жыл» аясында Кеңес Одағының соғысқа дейінгі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдауға бағытталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми және кәсіби жолда жаңа жетістіктер мен табысқа жете беруін тілейміз!

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары