Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнерлі жұп Мирас пен Құралайдың тапсырыспен жасалған ерекше сыйлық бергенін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі сыйлыққа «Ұмай» таңбасы бар бағалы әшекей-бұйым алған. Сондай-ақ әнші бұйымды ұзату тойдан қызына ырымдап «жұғысты болсын» деп берілгенін айтты.
«Бұл сыйлықты маған арнайы тапсырыс берген Мирас пен Құралай екен. Жақында қыздарын ұзатқан еді, ал мен басқа қалада концертте болып, шашуымды қаржылай аударып жібергенмін. Құралай сол тойдан Мерейге жұғысты болсын деп табыстағысы келген екен. Алла разы болсын! Көп рақмет Мирас пен Құралай!», - деді әнші.