13 мамыр күні «Көктем» орта мектебінде үзіліс кезінде 7-сынып оқушысы қатарласын ұрып-соққан, деп хабарлады turkystan.kz сайты Ақжайыққа сілтеме жасап.
Аталған оқиғадан мектеп мұғалімдері хабарсыз қалған, жәбірленуші ешкімге айтпаған. Тек анасы баласының денесіндегі көгерген іздерді көргенде дереу дәрігерге жүгініп, білген. Бала ауруханаға жатқызылды.
- Тек ертесіне анасы мектепке келгенде білген. Дереу полиция шақыртылып, сол күнгі видеожазба қаралған. Бүгінде полиция өз жұмысын жүргізіп жатыр. Аталаған оқиға бойынша зерделеу жүргізіліп, тиісті шаралары алынды. Сынып жетекшісі міндетінен босатылды, ал кезекші мұғалімге ескерту берілді. Ал мектеп директорына білім бөлімі атынан сөгіс жарияланды, - деді аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі сараптама тағайындалғанын айтты. Іс көтеріле ме, жоқ па, сараптама қорытындысы бойынша шешіледі.