Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді.
Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-сатыға тұрақтады.