АҚШ спортшысы ауырып қалғандықтан кейінге шегерілген Белал Мұхаммад пен Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жек қайта жоспарланып, қазан айында өтпек, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы UFC комментаторы Джон Эник өзінің подкасттарының бірінде хабарлады.
«Егер Белал Мұхаммад жартылай орта салмақтағы UFC белбеуін үйіне алып қайтса – қуанар едім, бірақ қазанда Шавкат Рахмонов оған не ұсынады – соны көрейік. Белал мен Шавкат қазан айында кездеседі – міне, сіздерге шұғыл жаңалық», – деді Эник.
Жекпе-жек UFC-дің қазан айында Абу-Дабиде өтетін жыл сайынғы турнирінде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл шешім орынды көрінеді, себебі сол турнирдің басты айқасы жартылай орта салмақтағы Джек Делла Маддалена мен Ислам Махачев арасындағы титулдық жекпе-жек болуы мүмкін. Ал Рахмонов пен Мұхаммад сол кездесу үшін сақтандыру жекпе-жек ретінде қарастырылуы ықтимал.
Айта кетейік, Мұхаммад пен Рахмонов арасындағы титулдық жекпе-жек 2023 жылдың желтоқсанында өтуі тиіс болған. Алайда Белал Мұхаммад аяқ сүйегіндегі инфекцияға байланысты ауруханаға түсіп, айқас өтпей қалған. Сол кезде Рахмонов Иэн Гэрримен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
Екі апта бұрын Белал Мұхаммад Монреалда өткен турнирде Джек Делла Маддаленаға бес раундтық жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліп, чемпиондық белбеуінен айырылған болатын.